"Білім беру саласын арттырудағы инновациялық қызметтің тиімділігі"
Қазақ күресі атты мақаласы жарияланды
Тіліңізді таңдаңыз
"Білім беру саласын арттырудағы инновациялық қызметтің тиімділігі"
Қазақ күресі атты мақаласы жарияланды
Ақтасты орта мектебінде 8-10 сынып оқушыларына арнайы дайындалған "Заң және тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру үшін, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында бейнематериалдар көрсетілді.
«Ақтасты орта мектебі»Заң баланың қоғамдағы орнын айқындап, оны зорлық-зомбылықтан, кемсітуден және әділетсіздіктен қорғайды. Заң талаптарын сақтау арқылы бала өз іс-әрекетінің салдарын түсінуге үйренеді, бұл оның мінез-құлқының қалыптасуына оң әсер етеді. Сонымен қатар, заң балаға үлкендерді құрметтеуді, өзге адамдардың құқықтарын сыйлауды және ортақ ережелерді сақтауды үйретеді. Баланың ерте жастан заңды білуі оның болашақта құқықтық сауатты, жауапты және елінің дамуына үлес қоса алатын азамат болып өсуіне негіз болады.
Алматы облысы,Кеген ауданы,”Ақтасты орта мектеп”КММ-де 08.01.2026 ж күні 2-5 сыныптар аралығында “Адал болу-арлы болу” тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мақсаты: оқушыларға адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. Адамның бойындағы жақсы-жаман қасиеттерге класстер құрды. Ұсынылған мақал-мәтелдерді оқи отырып, өз ойларын аша білді.
https://www.instagram.com/reel/DTP-KhwjcBH/?igsh=NmtvMGZuNjViMGt4
#заңментәртіп
#адалболуарлыболу
#aqtastyortamekteby
“Ақтасты орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 - сынып оқушыларының арасында, қысқы каникул кезінде бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында “ Менің болашақ мамандығым” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/r/1D2pUqW7x1/
Ақтасты орта мектебінде"Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында қысқы демалыс кезіндегі уақытты тиімді пайдалану мақсатында, "Қыста оқы, ойлан, арманда" атты тақырыпта кітап оқу жарысы ұйымдастырылды.
![]()
![]()
![]()
Мақсаты: Жазушылардың шығармалары және өмірбаянымен таныстыру.
https://www.facebook.com/share/v/1C1hE2tfjr/
"ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ"
"Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын-алу және сауаттылығын арттыру мақсатында қыздар ұйымының төрайымы А.Құрман мен дәрігер Д.Анарбектің қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында "Кәмелеттік жасқа жетпей жыныстық қатынасқа түсудің қаупі мен зардаптары" тақырыбында іс-шара өткізіліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді.
https://www.facebook.com/share/v/1CxfcekY5w/
"Ақтасты орта мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҰҚК тапсырмасына сәйкес бейнероликетер көрсетілді.
Мақсаты:Оқушыларға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру; өз Отанын, елін, жерін сүюге, жеке басының адамгершілік қасиеттерін сақтай білуге, құрметтей білуге, алдына мақсат қоя білуге, сын сәттерде шешімін таба білуге, азаматтық ұстанымын жоғары бағалай білуге, қорғай білуге үйрету; оқушыларды қоғамға қарсы ұйымдастырылған діни ағымдардан аулақ болуға, адал білім алып, еңбек етуге тәрбиелеу.
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ![]()
Алматы облысы, Кеген ауданы, Ақтасты орта мектебі КММ-де 15.12.2025ж күні 1-4 сыныптарға «Тәуелсіздік -ең қымбат құндылығымыз» , 5-9 сыныптарға «Тәуелсіздік - бізге оңай келген жоқ» тақырыбында, ал 10-11 сынып оқушыларына «Тарихым-тағдырым, Тәуелсіздігім - мақтанышым» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру, тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу, сондай-ақ ана тілімізді, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге баулу.
Сабақ барысында оқушылар тәуелсіздік тарихы жайлы мағыналы мәліметтер алып, патриоттық өлеңдер оқып, сұрақ-жауап, танымдық тапсырмалар арқылы өз білімдерін көрсетті.
Мазмұнды да тәрбиелік мәні зор бұл сабақ оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, ел болашағына деген сенімін нығайтты.
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік - тұғырым” тақырыбында мерекелік шара өткізілді .Шарада 1-5сынып оқушылары "Жас қыран","Жас Ұлан"ұйымына қабылданды.
🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Отанға, елге, жерге, тілге деген құрметтерін арттыру.
#Тәуелсіздіккүні
#Біртұтастәрбие
#16желтоқсан
#Адалазамат
https://www.instagram.com/reel/DSU-wV0DR_I/?igsh=YzZsbW5lam03YWZp
27.11.2025ж. "Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұлы халықтың -ұлы Абайы
Мақсаты : Қазақтың бас ақыны,ұлы дана,ойшыл, сазгер, үлкен имандылықты бойына жинаған тамаша суреткер, ақын Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау, дәріптеу, үлгі -өнеге алу.Биылғы жылы Абай атамыздың 180 жылдығына орай мектебімізде 5-7 сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өтті.Білім алушылар Абай өлеңдерін жатқа айтты.
https://www.facebook.com/share/v/17jEQnDfh5/
3.12.2025 күні "Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біз терроризмге қарсымыз!" атты 10 - сынып оқушылары арасында видеоролик көрсетіліп, түсіндіру сабағы өткізілді. Қоғамда болып жатқан терроризмге қарсы екендігі жайлы өз ойларын ортаға салды.
https://www.facebook.com/share/r/1AYWqYdaiu/