Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 24.04.2025 күні "Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан тарихы сабағынын ашық сабақ өткізілді
Тіліңізді таңдаңыз
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 24.04.2025 күні "Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан тарихы сабағынын ашық сабақ өткізілді
Бүгін – ата-бабамыздың бай мұрасы мен мәдениетін дәріптейтін ерекше күн! Ұлттық киім – халқымыздың рухани қазынасы, тарихы мен дәстүрінің айқын белгісі.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің ортақ міндетіміз. Бүгінгі күн тек киім үлгісін насихаттау ғана емес, халқымыздың салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық мәдениетіміз әрдайым биік тұғырда болсын! Әр шаңыраққа береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
Қазақтың ұлттық киімі – ұлттың айнасы! Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тамырымызға үңіліп, мәдениетімізді бірге дәріптейік.
17.03.2025 күні "Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Ұрпақтар санасына ұлттық мəдениет пен ұлттық салт - дəстүрлерімізді дəріптеу мақсатында 8 - сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Тұсау кесер" ата - дəстүр салтымыз көрсетілді. Қадамы құтты болсын, үлкен азамат болсын деп, шашу шашылып, тілектер айтылды. Тұсау кесер бала өміріндегі үлкен белестің бірі болып есептелінеді. https://www.facebook.com/share/p/1FEHvq6oeA/
Ақтасты орта мектебі 22 наурыз -Ұлыстың ұлы күні Наурызнама онкүндігін өткізу іс- шара жоспарына сәйкес 15 наурыз күні " Балаларға базарлық" атты акция өткізілді.
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күніне орай оқушыларға мейірімділік көрсету, қуанышқа бөлеу.
Мектеп оқушыларының сапалы білім алуына ықпал жасап, ауыл азаматтары балаларға базарлық ретінде интерактивті тақта және қазақ үй табыс етті.Мектеп ұжымының атынан жомарт жандарға алғысымыз шексіз.
#біртұтас_тәрбие
#nauryznama2025
https://www.instagram.com/reel/DHOBR6Ho_af/?igsh=d2VrNHoxYjA0d3Vq
Құрметті ата - аналар бәрәншә сыныпқа қабылдау 1- сәуірден басталады
8 наурыз мерекесі күніне орай "Көктем аруы - 2025" тақырыбында 6 - 10 сыныптар арасында қыздар сайысы болып өтті.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қыздарымыздың бойына қазақы салт - дәстүрімен, әдет - ғұрыптарды үйрете отырып , ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1. "'Мен Қазақтың қызымын" өзін таныстыру.
2. "Өнерлі өрге жүзер" өз - өнерін көрсету.
3. "Халқын сүйген - салтын сүйер" Салт дәстүрді білесіз бе? Сұрақ - жауап.
4. "Қазақ қызы бұрымды" шаш үлгісін жасау.
Қатысушы қыздарымыз өте жоғары деңгейде дайындалған.
"Бас жүлде" 6- сынып оқушысы Әли Ясмин
I - орын Сарыбай Инабат
II - орын Оспанәлі Көркемай
III - орын Бақытбай Көркемай иеленді.
Ұлттық құндылықты дәріптейтін, сұлулық пен дәстүрді насихаттайтын "Бұрымды қызға БАНТИК" челленджі.
Бұл челлендждің мақсаты әр қыздың өз ерекшелігін, әдемілігін және қадір - қасиетін көрсету, сонымен қатар мектеп немесе қоғамда достық түсіністікті арттыру.
"Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 - Наурыз "Азаматтық қорғаныс " күніне орай АӘжТД пәнінің мұғалімі Қ.Алиасқаров "Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!" тақырыбында қауіпсіздік сабағын өтіп,оқушыларға "ОПУ - 5" өрт сөндіруші құралының жұмыс істеу әдісін, қорғану ережелерін түсіндірді.
5-11-сынып ата -аналарымен “Кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу “ тақырыбында кездесу өткізілді.Отбасындағы ата аналардың жауапкершілігі туралы кеңес беріліп, “Тілек тілеңіз” тренингі өткізілді.Мақсаты:Отбасындағы ата ананың жауапкершілігін арттыру,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу.
Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген "1-Наурыз - Алғыс айту" күні мерекесіне орай
"Алтын жүрек"
челленджі түсірілді.
Мақсаты: Оқушылардың жанұяға, ата - анаға, ұстаздарға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.
Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
Бейбітшілікте, татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
"Жасөспірім шақтағы ерте жүктіліктің алдын алу"дөңгелек үстел
9 -10 -сыныптар
Уақыты : 12.02.2025ж
Сағ: 15:00
Кеген ауданы ПБ УПИ полиция майоры Дауренбекұлы Нұрлан
Кеген ауданы ПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Сайранбаев Ернұр Айдынкожаевич
Кеген ауданы ПБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Анекеева Маржан Абайқызы
https://www.facebook.com/share/v/1Zp3nbP6gW/