Тіліңізді таңдаңыз
«Ақтасты орта мектеп» КММ-де «Балдәурен-2026» жазғы лагері 1маусым-12 маусым аралығында мектепішілік лагерь ұйымдастырылды. 1 маусым күні «Хош келдің, балақай!» тақырыбында лагерьдің ашылуы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жазғы демалыс кезінде балалардың денсаулығын түзету, сауықтыру, қауіпсіздік ережесімен таныстыру, уақытты тиімді пайдалана білуге және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/share/v/17VNCDzCMw/
«1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Балаларды қорғау дегеніміз-әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Мереке соңында оқушыларға тегін балмұздақ таратылды
Мақсаты: Балаларды өзін құрметтеуге, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
“Ақтасты орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “қауіпсіз каникул” акциясы аясында прокуратура мен РОВД-ның қатысуымен 18 мамыр күні 9-10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жаз мезгіліндегі каникул кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы ата-аналарға бағыт-бағдар берілді, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
https://www.facebook.com/share/v/1EUCoFMkWt/
Алматы облысы Кеген ауданы Ақтасты ауылы “Ақтасты орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 14-16 мамырында “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Құрметті ата-аналар мен педагогтер!
25 мамыр – соңғы қоңырау және мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға байланысты, «Ақтасты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу талаптарына сәйкес төмендегіні хабарлайды.
Мектеп қабырғасында өткізілетін барлық іс-шаралар барысында ата-аналардан ақша қаражатын жинауға, сондай-ақ кез келген қаржылық сипаттағы ұйымдастыру жұмыстарына қатаң түрде тыйым салынады.
Атап айтқанда:
– мұғалімдерге немесе мектеп қызметкерлеріне сыйлықтар алу үшін ақша жинауға;
– сынып ішінде немесе мектеп деңгейінде қаржы жинау ұйымдастыруға;
– банкет, мерекелік кештер немесе басқа да ақылы іс-шараларды өткізу үшін қаражат жинауға;
– ата-аналар арасында материалдық міндеттемелер жүктеуге жол берілмейді.
Аталған талаптар барлық сыныптарға міндетті түрде қолданылады және олардың орындалуы мектеп әкімшілігінің тұрақты бақылауында болады.
Бұл шаралардың басты мақсаты – білім беру ұйымдарында ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ата-аналарға артық қаржылық жүктеме түсірмеу және барлық оқушылар үшін тең жағдай қалыптастыру болып табылады.
Осыған байланысты Сіздерді қолданыстағы талаптарды қатаң сақтауға, заң талаптарын бұзбауға және мектептің ішкі тәртіп ережелерін құрметтеуге шақырамыз.
Құрметпен:
Ақтасты орта мектебінің директоры
Қамбарбекова Қымбат Тоғызбайқызы
2026 жылдың 11 сәуірінде Алматы облысы, Кеген ауданы, Ақтасты ауылында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жоғары деңгейде өтті.
Бұл игі бастамаға ауыл тұрғындары, жастар, еріктілер мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Акция барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, қоршаған ортаға жанашырлықтың жарқын үлгісі көрсетілді.
Тазалық – тек бір күндік шара емес, ол – әрбір азаматтың күнделікті әдеті, мәдениеті.
Бірлік пен жауапкершілік арқасында Ақтасты ауылы тағы да көркейе түсті.
Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі!
See less
https://www.facebook.com/share/v/1CLdYJDbBF/
"Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14- 23 наурыз аралығында ұйымдастырылатын "Наурызнама" онкүндігі орай мектептің әлеуметтік педагогы Гульнар Жанпейсова 18.03.2026 күні "Жүректен шыққан жақсылық" тақырыбында пікірталас өткізді.Пікірталас мақсаты оқушыларға және қатысушыларға жақсылық, мейірімділік, адамгершілік туралы түсінік беру.Жақсылық жасауға, бір - біріне қамқор болуға тәрбиелеу. Өз ойларын еркін айтып, пікір алмасуға үйрету. Адам бойындағы жаксы қасиеттері дамыту.
"Ақтасты орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогы Гульнар Жанпейсованың ұйымдастыруымен 05.03.2026 күні "Сәуле сыйлаған - сауапты іс" тақырыбында қайырымдылық акциясын өткізілді.Акцияға мектеп ұжымы және барлық сынып оқушылары өз үлестерін қосты.Акцияда жиналған азақ - түліктер әлеуметтік статусқа жататын 10 отбасына үлестірілді .
Мақсаты: Оқушыларды жақсылық жасауға,мейірімді болуға тәрбиелеу.Адамдарға қамқорлық көрсету, көмектесу сияқты жақсы қасиеттерін дамыту.Адам бойына адамгершілік құндылықтарын қалыптастырып.Қоғамда жақсы іс жасауға ұмтылуға бейімдеу.Оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік және бір- біріне көмектесу қасиеттерін қалыптастыру.