Тіліңізді таңдаңыз

«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

📚 1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ! 🔔  https://www.facebook.com/share/v/1DYy7QY8c9/
2026 жылғы 1 қыркүйек күні «Ақтасты орта мектеп» КММ-де жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған Білім күні мерекелік іс-шарасы өтті.
Бұл күн – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше қуанышқа толы күн. Биыл мектебіміздің 1-сыныбына 6 оқушы қабылданып, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады. 🎒📚
Ал 11-сыныптың 6 оқушысы мектептегі соңғы оқу жылын бастап, алдарына жаңа мақсаттар қойды. 🎓
🌿 Мерекелік шара «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбы аясында өтіп, оқушыларға туған жерді құрметтеу, табиғатты аялау, тазалықты сақтау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтары насихатталды.
Барша ұстаздарымызды, оқушыларымызды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
✨ Жаңа оқу жылы білім мен ізденіске, жарқын жетістіктер мен толағай табыстарға толы болсын!
Білім күні құтты болсын! 💐🔔