Тіліңізді таңдаңыз

«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«Мемлекеттік тіл – мәртебелі тіл»

«Мемлекеттік тіл – мәртебелі тіл»
«Ақтасты орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында «Мемлекеттік тіл – мәртебелі тіл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
7-қыркүйек
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің қоғамдағы маңызын насихаттау және ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қазақ тілінің тарихы, бүгінгі қоғамдағы орны мен мәртебесі туралы ой бөлісті. Мемлекеттік тілдің ел бірлігін нығайтудағы және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар оқушылар өз ойларын ортаға салып, мақал-мәтелдер айтып, қазақ тіліне арналған өлеңдер оқыды. Кітапханашы қазақ тілін дәріптейтін әдебиеттермен таныстырып, кітап оқудың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара соңында қатысушылар «Тіл – ұлттың рухы, халықтың қазынасы» деген тұжырымды негізге ала отырып, мемлекеттік тілді құрметтеу – әр азаматтың парызы екенін атап өтті.