"Ақтасты орта мектеп "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Маратқызы "Тілге құрмет-елге құрмет" атты 5 - 10 сынып оқушылары арасында челлендж ұйымдастырды.
Мақсаты:
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, оқушыларды мемлекеттік тілді қадірлеуге және күнделікті өмірде еркін қолдануға ынталандыру. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тіл арқылы ел бірлігін нығайту.
Міндеттері:
оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;
мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру;
ана тілін құрметтеуге, таза әрі сауатты сөйлеуге тәрбиелеу;
қазақ халқының тілдік және мәдени мұрасын насихаттау;
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.





