18.03.2026 күні “Ақтасты орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сынып жетекші Маканбаева Айгул Турлыбаевнаның ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында “Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі” атты челленджі өтті. Челлендж барысында 9 - сынып оқушылары қазақтың әсем ұлттық киімдерін киіп, ата - бабамыздан қалған салт - дәстүр мен ұлт мұрасын насихаттады.
Ұлттық киім - халқымыздың тарихы мен рухани байлығын көрсететін асыл қазына. Осындай игі бастамалар арқылы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу - бәріміздің ортақ міндетіміз.
Ұлттық киімдерімізді ұлықтап, дәстүрімізді құрметтейік!





