Құрметті ата-аналар мен педагогтер!
25 мамыр – соңғы қоңырау және мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға байланысты, «Ақтасты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу талаптарына сәйкес төмендегіні хабарлайды.
Мектеп қабырғасында өткізілетін барлық іс-шаралар барысында ата-аналардан ақша қаражатын жинауға, сондай-ақ кез келген қаржылық сипаттағы ұйымдастыру жұмыстарына қатаң түрде тыйым салынады.
Атап айтқанда:
– мұғалімдерге немесе мектеп қызметкерлеріне сыйлықтар алу үшін ақша жинауға;
– сынып ішінде немесе мектеп деңгейінде қаржы жинау ұйымдастыруға;
– банкет, мерекелік кештер немесе басқа да ақылы іс-шараларды өткізу үшін қаражат жинауға;
– ата-аналар арасында материалдық міндеттемелер жүктеуге жол берілмейді.
Аталған талаптар барлық сыныптарға міндетті түрде қолданылады және олардың орындалуы мектеп әкімшілігінің тұрақты бақылауында болады.
Бұл шаралардың басты мақсаты – білім беру ұйымдарында ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ата-аналарға артық қаржылық жүктеме түсірмеу және барлық оқушылар үшін тең жағдай қалыптастыру болып табылады.
Осыған байланысты Сіздерді қолданыстағы талаптарды қатаң сақтауға, заң талаптарын бұзбауға және мектептің ішкі тәртіп ережелерін құрметтеуге шақырамыз.
Құрметпен:
Ақтасты орта мектебінің директоры
Қамбарбекова Қымбат Тоғызбайқызы





