“Таза Қазақстан” акциясы аясындағы сенбілік
Ақтасты орта мектебінде 2025 жылы 11 қазан күні республикалық “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен кіші қызметкерлер аула аумағын тазалап, жасыл желекке күтім жасады. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл сенбілік барлығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпаққа туған жер табиғатын аялау мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді.





